“Бірде-бір шаршы метр жоқ” Даниал Ахметов Өскемен маңындағы жерге байланысты қауесетті жоққа шығарды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәжіліс депутатының “Өскемен маңындағы жерді толық иемденіп алған” деген сөзін жоққа шығарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әкім депутаттың сөзі “мәдениетсіздік” деп отыр. Айтуынша оның басында бірде-бір шаршы метр жер жоқ.
“Бұл жала сөз. Мен ол кісіге ештеңе айта алмаймын. Себебі оның депутаттық мәртебесі бар. Бірақ оның сөзі мәдениетсіздік. Менің баспасөз қызметім және жер комитеті бұл мәселеге байланысты нақты жауап берген болатын”, - деді Даниал Ахметов.
Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс отырыстарының бірінде депутат Берік Дүйсембинов "Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр", - деген еді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
