Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жарым жастағы бүлдіршінді ұрып жүрген қазақстандық бала күтуші әйел әшкере болды (видео)

Қазақстандық ата-аналар қатыгез бала күтішуге шағымданды. Айтуларынша, әйел ерлі-зайыптының бір жарым жастағы ұлын ұрып жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қатыгез бала күтуші

Бұл туралы "Немолчиkz" қорының Facebook парақшасында жарияланды. 

Қор жетекшілерінің сөздерінше, оларға бір жарым жастағы баланың әкесі келген. Әйелі екеуі жұмыстан қолдары босамағандықтан, бала бағушы әйелдің қызметіне жүгінген. Бірақ көршілер кейінгі кезде күндіз баланың көп жылап жүргендігін айтыпты. Осы кезде жәбір көрген баланың әкесі үйге бақылау камерасын орнатуды жөн көрген. 

"Камера қойғаннан кейін бірінші күні-ақ анасы жұмысқа кете салысымен, бала күтуші бүлдіршінді ұра бастады.  Бізге баланы соғып жатқаны түсірілген видеоны табыстады. Баланың ата-анасы әйел жазадан құтылып кетеді деп қорқуда. Олай болған жағдайда әлгі әйел тағы біреудің баласын қорлайды ғой", - делінген желідегі жазбада. 

Қорға мүше адамдардың мәліметі бойынша, жақында оқиғаға қатысты әкімшілік соты өткен. Бұл кезде әйел біртүрлі қылықтар танытыпты. Сот істі қайта тексеруге жіберген. 

"Ерлі-зайыптылар арыз жазғаннын естіген әлгі азаматша олардан тығылып жүрген. Сондықтан баланың әкесі әйелді іздеп тауып, учаскелік инспекторды шақыртқан. Бала қатты қорқып қалған, ауруханаға алып барып, тексерткен кезде оның бірнеше жерден жарақат алғаны анықталыпты. Қорлық көрген бүлдіршін тамақ ішуден қалыпты", - деп жазыпты қор өкілдері. 

Қордағылар алдағы уақытта ақпарат толықтырылатынын жеткізді. 

 

Талқылау