"Бір топ адам жабылып, пышақтап кеткен": Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады
Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Әлеуметтік желіде тараған кадрларда бір топ адамның жабылып ер адамды соққыға жыққанын, жәбірленушінің жерде қансырап жатқанын көруге болады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адамды пышақтап кеткен.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты “бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару тәркіленді.
Іс бойынша тергеу жалғасуда.
Еске салсақ, бұған дейін Медеуде екі ер адам төбелесіп, бір-біріне балта ала жүгіргені туралы жазған едік.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды