Медеуде екі ер адам төбелесіп, бір-біріне балта ала жүгірген (видео)
Алматыдағы “Медеу” мұз айдынының маңында екі адам төбелесіп, бірі қарсыласына балта ала жүгірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Әлеуметтік желілерде екі адамның төбелескен бейнежазбасы тарады.
Бейнежазбадан Медеу спорт кешені алдында екі адамның жанжалдасып, кейін біреуінің құлап түскенін көруге болады. Жақын маңайдағы адамдар төбелеске қатысқан адамның қолынан балтаны алып, жедел жәрдем шақыруға тырысқан.
Аталаған жағдайға байланысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.
"Балта қолданылған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қақтығысқа қатысушы екі адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылар өзара таныс адамдар. Басқа жағдайлар белгіленеді", — деп хабарлады департамент баспасөз қызметінен.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады