Бірреттік шай пакеттері қатерлі ісік тудырады – Маман
Бірреттік шай пакеттерінің құрамында ағзада бірте-бірте жиналып, әртүрлі ауруды, соның ішінде қатерлі ісік ауруын тудыратын микропластикалық бөлшектер болуы мүмкін. Мұны физиолог Александр Созыкин мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Маман микропластиктері бар шай пакеттері әдетте пирамида пішінінде болатынын атап өтті. Дәрігердің айтуынша, мұндай қаптама қарапайым қағаз пакеттерге қарағанда мықтырақ. Дегенмен Созыкин оларды қолдануға кеңес бермейді. Сөзінше, қыздырылған кезде пластик миллиардтаған жасанды нанобөлшектерге ыдырайды, олар сусынмен бірге денеге енеді.
“Мұндай бір немесе екі кесе шайдан денсаулығыңызға айтарлықтай зиян келтірмейді. Дегенмен тұрақты тұтыну кезінде микропластика денемізге жиналады”, – деді Александр Созыкин.
Созыкин бірінші кезекте қан, бүйрек және бауыр зардап шегетінін түсіндірді. Маманның айтуынша, бұл бірте-бірте қатерлі ісіктің асқынуына әкелуі мүмкін.Сол үшін ол борпылдақ жапырақты немесе түйіршіктелген шайды қайнатуға және мүмкіндігінше бір рет қолданылатын шай пакеттерінен шай ішпеуге кеңес берді.