"Бір отырысқа 91 мың теңге": Желіде қазақстандық бойжеткен ауызашарды үйде жасауға қанша кететінін есептеп көрсетті (видео)
Желіде қазақстандық бойжеткен 12 адамға ауызашарды үйде жасау үшін қанша қаражат кететінін есептеп көрсетті. Ол шығындарға қарап мейрамханада жасаған дұрыс па деген сұрақ қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан скрин
Желі қолданушысы жұмсалған сома 91 мың теңгені құрағанын айтты. Осы ақшаға ол 12 адамға дастархан жайған. Азық-түлік тізіміне ет, жемістер, көкөністер, кептірілген жемістер, жаңғақтар, пирогтар, тәттілер мен сусындар кірді.
"Үйде ауызашар жасау қанша тұрады? Бір табақ жылқы етіне 34 мың теңгеге, шайға тәттілерге 8 мың теңге, пирогтар мен самса пісірмеу үшін мен оларға тапсырыс бердім біреуіне 8, біреуіне 5 мың теңге кетті. 12 мың теңгеге жаңғақ пен кептірілген жемістер алдым. Жеміс көкөністерге 10 мың теңге, салаттарға арналған өнімдерге 8 мың, сусынға 6 мың теңге кетті. Барлығын қосқанда бір отырысқа 91 мың теңге жұмсадым", - деді бойжеткен.
Бейнероликтің соңында ол желі пайдаланушыларынан ауызашарды қай жерде үйде немесе мейрамханаларда ұйымдастырғанның қайсысы арзанырақ болатынынсұрады.