"Бір науқастың жағдайы ауыр": Дәрігер ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыға ота жасалатынын айтты
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтан зардап шеккен он екі адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына да жеткізілді. Оның ішінде біреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген жолаушылар түрлі жарақаттар алған.
«Оқиға орнынан жедел жәрдем арқылы он екі адам жеткізілді. Барлығы ауруханаға жатқызылды. Барлығының жағдайы орташа. Оның ішінде бір науқастың жағдайы ауыр. Балтыр сүйектерінің сынуы және бас-ми шайқалуы бар. Қазір отаға дайындап жатыр. Науқастар көбіне аяқ-қол сүйектерінің сынуы, соғылуы, бас-ми шайқалуы негізінде жарақат алған. Барлығының жағдайларына байланысты ауруханада екі және он күнге дейін жатқызылуы мүмкін. Бізге түскендердің бәрі Қазақстан азаматтары. Науқастар 20 жастан 40 жасқа дейінгі кісілер», – дейді Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігері Оңласын Төлегенұлы.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде