Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір күнде үш адамды өлтірген": Ақтөбеде жантүршігерлік іс бойынша сот үкімі шықты

Ақтөбе тұрғыны үш танысын бір күнде өлтірген. Жантүршігерлік қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 26 жастағы тұрғын бау-бақша ұжымында екі ер адаммен танысқан. Олар бірге ішімдік ішкеннен кейін жанжал басталған. Сол сәтте 26 жастағы Ақтөбе тұрғыны екі азаматқа таспен шабуыл жасаған. Екеуінің денесін тірідей кәріз құдығына салып, артынша көрпеге от жағып үстіне лақтырған. Осылайша екі ер адам көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.

Содан кейін күдікті қарызға байланысты ұрысып қалған досының үйіне келеді. Танысы екінші топтағы, аяғы жоқ мүгедек. Алайда қылмыскер оған қарамай досын ұрып-соғып, басынан, мойнынан және арқасынан пышақтаған. 

Бірінші сатыдағы сотта күдікті өз кінәсін ішінара мойындады.

Ол алғашқы екі танысын өзін мұқатқаны үшін соққыға жыққанын айтты. Ал мүгедек досы ол келген кезде әлдеқашан өліп қалған-мыс. 

Алайда сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Қылмыскер аппеляциялық шағым түсірген. Ол мүгедекті өлтіру эпизодын ақтауды, ал ішімдік ішкен серіктері бар эпизодты "өзін-өзі қорғау үшін жасалған кісі өлтіру" деп қайта саралауды сұрады. Дегенмен облыстық сот алқасы қылмыскерді бас бостандығынан айыру мерзімін сол күйінде қалдырды. Сотталушы өз қылмысы үшін жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Талқылау