Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір қыз жаншылып, одан қан ағып жатты": Апатқа ұшыраған "Bek air" ұшағының жолаушылары қайғылы оқиғаны еске алды

Осыдан бір жыл бұрын Алматы маңында "Bek air"әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Бортта экипажды қосқанда 98 адам болды. 12 адам қаза тапты. Қорқынышты оқиғадан кейін көп уақыт өтті, бірақ сол күнді еске алғанда рейс жолаушыларының көздеріне еріксіз жас келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

2019 жылғы  27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайының ұшу-қону жолағынан "Bek air" әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілді, бірақ бір минуттан кейін әуе кемесі радардан жоғалып кетті, лайнер қоршауды бұзып, екі қабатты жеке үйге құлады. Бұл уақытта салонда не болғанын елестету қорқынышты. Жолаушылардың сөзінше, ұшақ жоғары көтеріле алмаған, сілкініп, жан-жағына қисайған, содан кейін қатты соққы болыып, көмек туралы айқайлар естілген.

Құлаған ұшақта Әсел Әбілдаева да болған. Бұл оның алғаш рет ұшуы болды. Ол жұбайымен бірге 13 қатарда отырды. 

"Қонып, қайта ұшқандай болдық, яғни бір нәрсеге тиіп, қайтадан биіктікке көтеріле бастадық, ол осылай қисайып кетті. Оң жақта оның тиген жерін көрдім. Мен қорқып, жылай бастадым, қорқынышты үрей пайда болды", - деді Әсел Әбілдаева.

Жақында ғана Әсел тағы да Нұр-Сұлтанға ұшуға шешім қабылдады және оған тағы да 13 қатардың орындары түсті. Сол апаттан кейінгі алғашқы минуттардың қорқынышты көрінісі әлі күнге дейін көз алдымда, дейді қыз. 

"Жай ғана қабырғамен жаншылған қыз болды, оның қаны ағып жатты, ол дем алмады. Оның қасында әпкесі отырды, ол одан оянуды өтінді. Алдыңғы жағында көптеген адамдар болды, ер адам Құранды оқыды, дұға етіп жатты, соңғы минутта оның аяғы қысылып қалды", - деді келіншек.

Мейрамбек Серіков те сол күнді егжей-тегжейлі еске алады. Ол бірінші болып ұшақтан шығып, зардап шеккендерге көмектесе бастаған. Алдымен олар балаларды үйінді астынан шығаруға тырысқан. Көмек бірден келген жоқ, деп еске алады ер адам.

"Біз ұшақтан ең бірінші болып шықтық, жақын жерде авариялық шығу жолы болды, мен оны оңай аштым. Содан кейін біз кейбір жолаушылар жарылыс болады деп қорқып, қашып кете бастағанын көрдік. Олег есімді бір адаммен бірге зардап шеккендерді шығарып, құтқарушылар келгенге дейін жеті адамды шығарып алдық. Әрине, бұл сұмдықты, азап пен қорқынышты ұмыту мүмкін емес", - деді Мейрамбек Серіков.

Мейрамбек пен Әсел ғажайыппен ауыр жарақаттардан аман қалған, апат кезінде ерлі-зайыптылар аяғы мен арқасын жарақаттады.

Қайғылы оқиғадан кейін бірден бірнеше іс қозғалды: жерді заңсыз сату, әуе кемелерін пайдалану ережелерін бұзу және "Bek air" билеттеріне жұмсалған қаражатты қайтару. Алайда, әуекомпания барлық соттан жеңіліп, қарыздарын төлеуге міндеттелгеніне қарамастан, авиатасымалдаушының мыңға жуық клиенті әлі күнге дейін өз ақшаларын қайтара алмай жүр.

"Борышкердің шоттары тексерілді, осы шоттарда ақша қаражаты табылған жоқ, қандай да бір жылжымайтын мүлік те табылған жоқ, сонымен қатар тексеру кезінде жылжымалы мүлік анықталды, бұл көлік құралдары, осы уақытта осы көлік құралдарын ұстау және орнату туралы шешім қабылданды",  - деді Алматы қаласының жеке сот орындаушысы Асылхан Сәрсенбаев.

Адамдар билеттердің ақшасыын қашан қайтарып алатынын сот орындаушысы нақтыламады. Әуе апатының себептері бойынша негізгі тергеу амалдары әлі жалғасуда.

Талқылау