Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір кем дүние": Әнші Алтынай Жорабаева қайын атасын еске алды

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қайын атасын еске алды. Жеке парақшасына суретін жариялап, “батаңызды алғаныма бақыттымын” деп жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алтынай қазіргі жолдасы Әлішердің ата-анасымен қарым-қатынасы өте жақсы болған.

“Бүгін асқар тау әкеміз тірі болғанда 72 жасқа толатын еді. Батасын алғаныма бақыттымын. Немересін көргенде ғой” деп те армандайсың. Бір кем дүние. Жаныңыз жәннәтта болсын”, – деп жазды әнші. 

Әнші халық алдында қайыната мен енесі туралы үнемі айтып жүреді. 

“Ең алғаш Әлішер екеуміз танысқанда ол менің қыздарымнан қатты қорықты. Қыздар ес біліп қалған еді. “Қабылдамаса қалай болады” деп уайымдады. Мен “ол қыздарды қоя тұр, сенің әке-шешең не дейді, олар үйленбеген ұлдарының ажырасқан төрт қызы бар әйелді алайын деп жатқанын біле ме?!” деп сұрадым. Ең алғаш ата-енеммен танысуға барған кезде қайын атам "Естіп жатырмыз, Әлішер екеуің отбасы болуға шешім қабылдаған екенсіңдер. Анасы екеуіміз қарсы емеспіз. Ата-анаң біледі ме?" деп сұрады. Мен тек анамның білетінін, әкемнің хабарсыз екенін айттым. Сол кезде қайын атамның түрі бұзылып, "Әкең келіспей қойса қайтеміз? Сен танымал жұлдызсың, әншісің. Ал біз қарапайым отбасымыз" деді. Мен олар қуанбаса, қарсы болмайды дедім. Содан кейін екеуміз шаңырақ көтердік”, – деп еске алады әнші.

Еске салайық, Алтынайдың күйеуі әкесіне машина сыйлағанын жазған болатынбыз. 

 

Талқылау