Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да туысқандар: Василий Скляр Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы болды

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың інісі Василий Скляр Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Ішкі істер министрі жеке құрамға полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды. 

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген. 2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірген. Заңгер, құқық магистрі.

Түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Соның ішінде Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы; қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; Солтүстік қазақстан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болған. 

2017 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Павлодар облысы полиция департаментінің Екібастұз полиция басқармасын басқарған.

Арнайы полиция полковнигі атағы бар.

Бұған дейін Павлодар облысы полиция департаментін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімов басқарған болатын.

Талқылау