Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір-біріне ұқсай ма: қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары

Ағасы бардың, жағасы бар демекші, өнер әлемінде туысқан жұлдыздар көп-ақ. Оларды бір көргеннен-ақ жақын бір ана мен бір әкеден туғанын байқауға болады. Бір қызығы, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын ағалы-інілілер мен әпкелі-сіңлілер де бар. Жұлдыздардың біртуғандарына  қаншалықты ұқсайтынын бірге анықтап көрейік.

макпалисестра

Макпал және Дидара

12346060_1500553413581756_510877285_n

Кәмшат және Алтынай Жолдыбаевалар

Халық Кәмшат Жолдыбаеваны жақсы таныса да, туған сіңлісі Алтынай туралы көп біле бермейді. Алтынай ән айтпаса да, бір кісідейін театр сахнасында жұртты өнерімен тамсандыра біледі. 2015 жылы Адасқандар телехикаясында басты рөлді сомдады. Бастапқыда бұл рөлге Кәмшат Жолдыбаеваны шақырған екен. Әншінің түсірілімнен қолы босамағандықтан, рөл сіңлісіне бұйырған.

ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Айдана және Ермек Меденовтер

Айдана “KешYou” тобының экс-солисі әрі сәнгер. Жақын күндердің бірінде сұлуық салонын ашты. Ал ағасы Ермек Меденов “SuperStarKZ” жобасының финалисі, саксафоншы әрі композитор. 

0

Құралай мен Мерей Нұрқаділовалар (әкелері бір)

Құралай Нұрқаділова елімізге танымал сәнгер әрі суретші. Өзіне тиесілі “Құралай” атты сән үйі бар.  Kazakhstan Fashion Week және Мәскеу мен Екатеринбург қалаларында өтетін сән апталығының тұрақты қатысушысы. Ал Мерей Нұрқаділова әнші Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтың қызы. Аналары бөлек болғанымен, екеуінің әкесі бір.

1408250933djqpd

Наиля Зайытова мен Әділ Лиян

Белгілі продюсер Әділ Лиян мен “КешЮ” тобының экс-солисі Нәиля Зайытова бір ана мен әкеден тумаса да, етене жақын туысқандық байланыстары бар. Әділ бір кездері туысқан қарындасы өнер көрсеткен “Bionic” тобының продюсері болған, қазір Нәиля жеке орындаушы ретінде танымал.

новый коллаж

Мәди Рымбаев пен Әли Оқапов

Ағайынды Мәди мен Әлидің тегі бөлек. Мұнымен қатар, әнші Әлидің сыртқы келбеті әкесі Тасқын Оқаповқа тартса, Мәди анасына ұқсаған. Ағайындылардың сырт келбеті мен мінез-құлқы бір-біріне ұқсамаса да, олар бір кеменің басын ұстап, өнер әлемінде қатар жүзбек.

 

1bpo1kypto80

Алтынай мен Талғат Жорабаевтар

Әншінің туған бауыры Талғат ән айтып қана қоймай, “Ханталапай” атты фильмге түсіп, өзінің бағын сынап көрген.

01

Қымбат пен Қарақат Әбілдиналар

Қымбат Әбілдина – алғаш 2000 жылдың күзінде шығарыла бастаған республикалық “Айгөлек” журналының бас редакторы. Көпбалалы отбасында дүниеге келген Қарақат Әбілдина эстрадамыздың белгілі әншісі, дәстүрлі өнердің насихаттаушысы.

12797612_501771903339626_129484263_n

Қайрат Нұртас пен Ақерке Тәжібаева (бөлелер)

Қайрат Нұртас пен Ақерке Тәжібаеваны барлығы таныса да, олардың жақын туысқан екенін ешкім біле бермейді. Қос жұлдыздың аналары біртуған. Бірі эстрадамыздың танымал әншісі, екіншісі қобыз аспабын жетік меңгерген күйші. Екі өнерпаз бір кездері “Алматы түні” әнін бөлісе алмаған болатын.

новый коллаж

Бағым Мухиденова мен Баян Есентаева

Халық Бағымға қарағанда, Баян Есентаеваның жас көрінетінін жиі айтады. Екеуі де “Шайн продакшн” компаниясында қызмет істеп, жұлдыздарды үлкен сахнаға әзірлейді. 2016 жылдың күз айында аталған компанияны Астана қаласына көшіріп, еліміздің бас қаласында шәкірт тәрбиелеуді қолға алып жатыр.

талгат

Рүстем мен Дана Нұржігітовтер

Дана Нұржігіт белгілі тележүргізуші, ал Рүстем “KZ” тобының солисі. Тележүргізушінің “Дара жол” атты жобасы бар, Рүстем Нұржігіт қазіргі таңда жеке орындаушы ретінде танымал.

UguZlH6YL3tq46gG8PdW6pmMHoCDL1

Ақкенже Әлімжан мен Нұрлан Әлімжан

Нұрлан Әлімжанды елбасының рөлін сомдағаннан кейін қазақ елі ғана емес, аталған фильм көрсетілген шетелдерде де танитын болды. Түрлі рөлді сомдап үлгерген актер ән де айтады. Ақкенже Әлімжанның да өзіндік тыңдармандары бар. Ол да ағасы секілді актерлік шеберлікті меңгеріп, қазіргі таңда ән айтып жүр. Қос жұлдыздың аналары бөлек болғанымен, әкелері бір.

nurotan-news-1386927197 (1)

Айсәуле Бақытбек пен Айару Бақытбек

Баян Есентаеваның үлкен қызы қазіргі таңда шетелде білім алып жатыр. Болашақта анасы секілді танымал адам болмаса да, журналистика саласында мықты маман болғысы келетінін жиі айтады. Ал үш жасынан ернін қызыл далаппен бояғанды ұнататын бойжеткен әлемдік деңгейдегі сән көрсетілімдеріне қатысып үлгерген.

щд

Байғалы Серкебаев пен Жәмилә Серкебаева

Байғалы Серкебаев “А-Студио” тобының белгілі мүшесі, қазақстандық музыкашы әрі көптеген әннің авторы. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында білім алған. Ал Жәмиля Серкебаева – скрипкашы.

Рустем Нуржигит

Рүстем мен Дастан Оразбеков

Ағайындылар “Орда” тобында көптеген жыл бірге өнер көрсеткен. Алайда белгісіз себептермен Рүстем Оразбаев топтан кетеді. Дастан ағасының әулеттің қамын ойлап, бар уақытын туған-туысқандардың жағдайын жасауға арнайтынын айтады. Ал Дастан Оразбеков дәл қазір аталған топта өнер көрсетеді. Мұнымен қатар, жақында “Turkiss” тобын халыққа таныстырып, продюсерлікті қолға алды.

fxHqZthrkcU

Айым Алтынбекова мен Ілияс

Айым Алтынбекова небәрі 18 жасында театрдың танымал актрисасы Лидия Кәденнің жалғыз ұлына тұрмысқа шыққан. Ару мектеп оқушысы болғандықтан, жолдасы құда түсу үшін екі жыл уақыт күткен екен. Ал бауыры Ілияс “Mysterions” тобының беделді мүшесі.

TW1_8355_новый размер

Есболат пен Ерболат Беделхановтар

Ағайындылар бірігіп “Орда” тобында өнер көрсетеді. Ерболат Беделхан өткен жылдың желтоқсан айында “Ninety one” атты топ құрып, продюсерлікпен айналысқан болатын. Ал Есболат Беделхан әншілікпен қатар, режиссерлікті қолға алған.

image23908

Сандуғаш Стамғазиева мен Рамазан Стамғазиев

Ағалы-қарындас дәстүрлі өнердің насихаттаушысы.

EKO-0059(1)

Айсұлу мен Әбдуәлі Әзімбаевтар

Актриса халыққа “Әсел және оның достары” телехикаясы арқылы танылған. Қиялына ерік беріп, жұмысына толықтай берілуді жөн көреді. Жас актрисаның туған бауырының мінезі әпкесіне қарағанда, әлдеқайда ерекше. Айсұлу Әзімбаева өнерге жан-тәнімен берілген жан болса, Әбдуәлі арман-қиялға берілуді ұнатпайтынын жан. Әбдуәлі бірнеше аспапты ешкімнің көмегінсіз меңгерген екен.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін қазақ эстрадасындағы сүйіктілерін жасыратын жұлдыздар туралы жазған болатынбыз.

Талқылау