Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір адам көз жұмды": Шалқар ауданында атыс болды

Шалқар ауданында атыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір адам көз жұмды: Шалқарда атыс болды

"27 шілде күні таңғы 04:43 шамасында 102 нөмірі бойынша Шалқар ауданының полиция департаментіне қоңырау келіп түскен. Аудандық ауруханадан Шалқар ауданындағы "Мерей" сауда орталығының жанында Әйтеке би көшесінің бойында атыс болғанын жайлы хабар түсіп, жедел жәрдемге әртүрлі оқ жарақаттарымен адамдар түскенін хабарлаған. Үш тұрғын жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, оқиға орнында бір адам көз жұмды", - дейді Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Полициянің жедел тергеу жұмыстарын жүргізуінің арқасында 21 жастағы азамат ұсталып, ол күнәсін мойындаған. Айыпталушы 16 калибра қаруын жергілікті спорт алаңына жасырғаны анықталып, қару полицияға табыс етілді. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті. Бұл іс адам өлтіру бабы бойынша қарастырылуда.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Шілде, 2019 14:27
Талқылау