Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Былтырғымен салыстырғанда екі есе көп: Қазақстанға қытайлық автокөліктердің импорты артып жатыр

Биыл қаңтар мен ақпан айларында елімізге Қытайдан 10,1 мың автокөлік әкелінген. 2023 жылдың осы айларымен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Data Hub Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Машина китай

Фото: kolesa.kz

Дереккөз ақпаратына сүйенсек, екі айда әкелінген жеңіл автокөліктердің жалпы саны 20 мың бірлік болған. Яғни, елге шетелден жеткізілген әрбір екінші көлік Қытайда шығарылған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш әрбір үшінші көлікке тең болған.

Бұдан бөлек тағы үш сатушы елдердің статистикасы біріксе де, Қытайды қуып жете алмағаны аңғарылады. Олардың үлесі 42% болған:

- АҚШ – 19% (3,7 мың бірлік);

- Жапония – 15% (3 мың бірлік);

- Оңтүстік Корея – 8% (1,6 мың бірлік).



Бір қызығы, Қытайдан әкелінетін көліктердің ақшалай мөлшері оның саны секілді өспеген. Мысалы, қаңтар-ақпан айындағы деңгей 129,5 миллион доллар (+43% немесе 39 млн доллар). Мұндай динамика онсыз да қымбат емес қытайлық көліктердің қолжетімділігінің артқанын көрсетеді.

Қытайдың импорт құнындағы үлесі бұдан былай айтарлықтай байқалмайтынын да қоса кетейік – 38%. 

Талқылау