Білім министрлігі магистратураға түсу үшін өтінімдерді қабылдау қашан басталатынын хабарлады
Білім және ғылым министрлігі магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау 1 маусымда басталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінішті 1 маусым мен 15 шілде аралығында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында беруге болады. Кешенді тестілеу қорытындысы бойынша Сертификат тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда берілетін болады", - делінген БҒМ Telegram каналында.
Тестілеудің өзі 20 шілдеден 10 тамызға дейін өтеді. Араб тілінен түсу емтиханы мен шығармашылық емтихандар 16-25 шілдеде жоғары оқу орындарында өтеді.
Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар