Биыл елде шегірткемен күресу үшін 7 миллиард теңге бөлінбек
Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылы шегірткемен күресу үшін 7 миллиард теңге бағытталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
“Таяуда жиналыс өткіздім, биыл 700 миллиард (егістік жұмыстарына) бөлдік. Қаражат бөлуді былтыр 29 қарашада бастадық. Кеше "Кең дала" бағдарламасы бойынша 140 млрд бағытталды...”, – деді Жұманғарин.
Оның айтуынша, биыл шегірткенің таралуы аумағы азайған.
"Былтырғы мәселелерді ескереміз. Қаражат дайын, 7 миллиард теңге. Былтыр егістік 3,5 миллион гектардан аса болған, биыл 2 миллион гектар, шамалы азайды. Бірақ қосымша қаражат қарастырып отырмыз. Менің ойымша, былтырғыдай емес, биыл оңай болады", - деді ол.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген