Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл да Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді

Елімізде биыл да Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады. Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.

"Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі. Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерліктерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету бойынша шаралар өткізіледі”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар болады. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстандағы шерудің тоқтатылуы кейбір ресейліктер арасында дүрбелең туғызған болатын. Мәселен, Тигран Кеосаян YouTube арнасында видео жариялап, қазақстандықтар "Украинаға қарасын" деген мағынада мәлімдеме жасаған еді. Тигран Кеосаянның сөзінен кейін қазақстандықтар ресейлік телеарналарды өшіріп тастауды талап еткен болатын. Кейіннен ресейлік журналист Қазақстанда террористермен бірге бір тізімге енгізілді.

Талқылау