Биыл әскери қызметшілердің жалақысы өседі
Биыл әскери саладағы қызметшілердің жалақысы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әскери әуе-күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Сонымен қатар, биыл әскери саладағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеру мәселесі қаралып жатыр", - деді Сұлтан Қамалетдинов сенат отырысынан соң тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Министрлік өкілінің айтуынша, әскери дәрігерлердің де айлығын көтеру мәселесі қарастырылып, қолдау тапқан. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің айлық табысы 30 пайызға артатынын айтты.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда