Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биік жартастан күшікті екі рет тастап жіберген жасөспірім қыз есепке алынды

Күшікті аяусыз қорлаған садист қыз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның есебіне алынды. Бұл туралы қылмыстық іс қозғаған Алматы облысы полициясы хабарлады. Оқиға өткен аптада болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде 14 жастағы мектеп оқушысының дәрменсіз күшікті қорлаған видеосы пайда болған еді. Ол жерден қыздың күшікті екі рет биік жартастан тастың үстіне лақтырып жібергенін көруге болады. Бұл жағдайға қыз пікірін білдіріп, ешқандай да өкініш сезімі жоғын айтқан. 

Қуанышқа орай, Адель атты ит керемет жағдайда аман қалған. Оның қабырғалары сынған және ішкі мүшелеріне зақым келген. Қазір күшік ветеринарлық клиникада ем алып, қалпына келтірілуде.



Ал жасөспірім қызбен балалар психологы жұмыс істеуде. 

“Қыз үмітсіз емес, қатігез де емес. Мен оның жануарларды жек көретін қасиеті бар деп айта алмаймын. Оқушы оларды онша жақсы көрмейді, бірақ жек көрмейді де. Яғни агрессия жоқ. Сондықтан біз оған арнайы жаза талап етпейміз деп шештік. Өйткені қыз кәмелет жасына толмаған”, – дейді ANIMAL SECURITY қоғамдық қорының президенті Наталья Сульжик.

Талқылау