Алматыда кішкентай қыздар мысықты қатігездікпен өлтірді
Алматыда кішкентай қыздар мысықты қатігездікпен өлтірді. Олар алдымен мысықты таяқпен қуып, содан кейін қылқындырып, өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

“Мысықты арықтан алып шықтық. Табаны, дене-басы бәрі күйген. Бес, тоғыз жастағы балалар істеген”, – дейді мысықты тауып алған куәгер.
Сондай-ақ “Снежок” деп аталатын күшік те адам қатігездігінің құрбаны болды. Ер адам оны күрекпен ұрған.
“Содан кейін ол күшікті сөмкеге салып, қоқысқа лақтырып жіберген. Маңайда 5-6 балалар жүрді”, – дейді куәгер.
Ит ауыр жағдайда ветеринарлық клиникаға жеткізілді. Жергілікті тұрғындар жағдайды жазасыз қалдырғысы келмейді. Екі жағдай бойынша да алматылықтар полицияға жүгінді.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды