AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да байланып тұрған питбульді өлтіріп кеткен

Шығыс Қазақстан облысында байлаулы тұрған питбульді ветеринарлық аулау қызметі қызметкерлері өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Опытное поля ауылының тұрғыны Евгений Смирнов оның иті 10 жасар питбуль Блэк өлтірілгенін айтты. Оның айтуынша, мұны иттің байлаулы тұрғанына қарамастан, ветеринарлық аулау қызметі қызметкерлері жасаған.

"Ашыңыз, маған итті көрсетіңіз. Ит ісініп кетті”, – делінген видеода. 

Иттің иесі Евгений Смирнов итінің байлауда тұрғанын және ешкімге зиянын тигізбегенін айтты.

“Күн ыстық болғандықтан, үйдің ауласындағы бақшаға байлап қойғанмын. Итімнің осы уақытқа дейін ешкімге зияны тиген емес, көршілерім де шағымданбаған. Сол күні таңертең мен өз шаруаммен жүргенмін, бір сағаттан кейін қайтып келсем, көршім итті атып кеткенін айтты. Жүгіріп қарасам итім жоқ, тек бауы қалыпты”, – дейді ол. 

Ер адамның айтуынша, ол бірден полицияға жүгінген. Полициядағылар итті ұрланды деп болжаған. Ит өлтірілді деген деректі мүлдем қарастырмаған. Иттің иесі оның иті алдымен дәрімен уландырып, артынша байлаулы тұрған жерінен алып ктекенін айтады. Ол кінәлілерді тауып, жазалауды көздейді.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл фактіні растады.



"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық – ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау негізінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті құқықтық баға берілетін болады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етілмейді ", – деп ШҚО ПД баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірді. 

Полиция тергеу барысы полиция департаментінің анықтау басқармасының басшылығының бақылауында екендігін мәлімдеді.

Алайда "Асыл" жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қорының директоры Лариса Прокопьеваның айтуынша, бұл ветеринарлық аулау қызметі қызметкерлерінің әрекеттері.

"Бірнеше жыл бұрын біз Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізуге бастамашы болдық. Өзгерістер енгізілді, барлық қалаларда жануарларға арналған баспана ашылуда. Бұл ветеринарлық аулау қызметі қызметкерлерінің әрекеттері. Олар жануарларды емдеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жүйелі түрде бұзады және мұндай қылмыстарға қатысқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың қылмысын жоққа шығарады", – дейді Лариса Прокопьева.

Оның айтуынша, бүгінде жануарларды өлтіруге рұқсат беретін бірде-бір нормативтік құжат жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр