Бибісара Асаубаева Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті
Шахматшы Бибісара Асаубаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескеннен кейін қандай сыйлық алғанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті. Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер - Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер - Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов шақырылды.
Кейін шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram-парақшасында кездесуден суреттер жариялады. Сондай-ақ, ол Президент атынан қандай сыйлық алғанын көрсетті.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасына алдағы уақытта Үндістанның Ченнаи қаласында өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сәттілік тіледі.

"Бір картинам 150 мың теңгеге бағаланған": Қазақ қызы көркем жазуымен Dior мен Givenchy-дің назарын аударды
