Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бибігүл, тоқта! Қазір тоқтамасаң, ертең кеш болады": Заңгер тележүргізуші Бибігүл Дәулетбектің қандай арсыз әрекетке барғанын айтты

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек журналист Бибігүл Дәулетбекті сынға алды. Айтуынша, оған Бибігүл Дәулебектен зардап шеккен адамдар көптеп хабарласқан. 

"Кеше Бибігүл Дәулетбек жайлы пост салғанымда көп адам жеке басыма ауыр сөз жазыпты. "Ләйлә Сұлтанқызыны қолдап отырсың" деген сияқты, бірақ Ләйләні жеке басым танымаймын. Бірақ жұмысына, қазақ қызының ар-намысын таптатқаны үшін ренжулімін. Ия, мен де мақала жаздым. Бірақ Ләйләнің жеке басына, жеке өміріне қол сұққаным жоқ. Заңгер ретінде ондай дүниелерге жол бермеймін! Мен тікелей Абаевқа арнадым жазбамды, идеологияны түзе, арнаны тазала деп! Екеуінің арасындағы сот екеуі шешетін дүние. Ләйлә Сұлтанқызына менен көмек керек жоқ. Ол кісінің материалдық жағдайы жақсы. Бір емес он қорғаушы жалдай алады. Ол кісі менің көмегіме зәру емес!", - деді заңгер парақшасында.

Айгүл Орынбектің айтуынша, дәл қазір мәселені ашып айта алмайды. Істі сот шешетін болады. 

"Ал маған дәл қәзір Бибігүлге қатысты, басқа жалғызбасты аналар шағымданып звондап жатыр. Неге қазір шағымданып жатыр деген сұрақтар туып жатыр екен. Көбісі Бибігүлден қорыққан, оны ешкім жазалай алмайды деп ойлаған. Әлсіздер ешқашан күшті адамдарға қарсы шыға алмайтынын да ұмытпау керек. Инстаграм, сайттар жаза бастаған соң, бүкіл жасаған былықтары шыға бастады.

Бибігүлді мен Ләйләдан жақсы танимын. Ол да мені жақсы таниды. Бибігүл Дәулетбек үшін бәрі жаман, оны көре алмайды, аяқтан шалғысы келеді, тек өзі жақсы! Ия мен жаман болсам жаман шығармын, оның несін көре алмаймын айтыңыздаршы? Он екі мүшем сау Аллаға мың шүкір, дүние, ақша маған тіпті қызық емес, Бибігүл оны жақсы біледі. Өзіне тегін көмек бергем, 2015 жылы басына іс түскенде. Менің де сыртымнан өтірік әбден әңгімелер айтқан, оғанда көз жұмғам", - дейді Орынбек. 

Заңгердің айтуынша, оған Бибігүл Дәулебектен зардап шеккен адамдар көптеп хабарласқан. Мән-жайды ашық жазбаса да, ол тележүргізушінің мүгедектердің ақысын жегенін айтты. 

"Жалпы көп дүниеге кешіріммен қарауға тырысам, қазақтың бір қызы ғой деп. Ешқашан Бибігүл жайлы әңгіме жазбас едім, егер де одан зардап шеккен адамдар маған жазбаса! Өмірде ең жек көретінім, әлсіз, қорғансыз адамдарды алдаған, қорлаған адамдар.

Мүгедек балалардың несібесін жеу бұл барып тұрған сұмпайылық! Әлсіздерге әлім жеттілік көрсету бұл барып тұрған тексіздік менің ойымша! Қазақ қызы ретінде әлі де жанашырлық танып айтар кеңесім! Бибігүл, тоқта! Қазір тоқтамасаң, ертең кеш болады. Өмірде кез келген жасаған ісіңе жауап беретін уақыт келеді", - деді ол. 

Бұған дейін актер Ерболат Төлеген Бибігүл Дәулетбектің әрекетін әшкере қылған еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бекер сұраппын соны...»: Ақбота Сейітмағамбет Дәуреннің кесірінен фильмге түсуден бас тартқан

Әншіні тек жаман рөлдерге ойнауға шақырған

Павлодарда түрмеден шыққан жігіт бір апта ішінде 8 ұрлық жасады

Айыпталушы ерекше әдіспен үйлерді тонаған

Әкесі мен ұлы көз жұмған: Ауыр жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшы есін жиды

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр

Көліктер батып қалған: Желіде Алматыда су басқан көшенің видеосы тарады

Видеодан судан бу шығып жатқаны көрінеді

Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

Тимур Тоқаев - саясат ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер

Ғалымдар қызанақтың белсіз ерлерге пайдалы екенін анықтады

Қызанақтың құрамындағы ликопен ерлердің ұрық жасушаларын көбейтіп, белсенді етеді

Назарбаев тайфун салдарынан қаза болғандардың өліміне байланысты Жапония императорына көңіл айтты

«Хагибис» тайфуны салдарынан 47 адам қаза болып, тағы 15 адам хабарсыз кетті

"Балаларға бір үзім нан табудың өзі қиын": Көпбалалы отбасының АӘК-сін тоқтатып, ақшаны қайтаруын талап еткен

Жеті баланың анасы отбасын жалғыз өзі асырауға мәжбүр

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Айыпталушы әншінің темір жол стансасында екенін суреті арқылы анықтады

Қазақстандық азаматтың асқазанынан ішіне кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Ер адам 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Çàãðóçêà...