Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейтаныс жігітпен құшақтасқан Ақбота Сейтмағамбет қызу талқыға түсті

Араға төрт жыл салып жұбайымен ажырасып кеткен Ақбота Сейтмағамбеттің жеке өмірі желідегі тыңдармандарын алаңдатып отыр. Бірі оның ажырасқанына көңілі түссе, бірі қолдау білдірді. Өзге жігітпен суретке түскен әнші қызу талқыға түсті. 

Ақбота мен бейтаныс жігіттің суреті желіге тез тарап кетті. Желі қолданушылар өз болжамдарын айтты.  Бірі оның жаңа ғашығы деп топшыласа, енді бірі бейнебаян үзіндісі деп ақтады. 

Айта кетейік Ақбота актер Дәурен Айдарқұловпен 4 жыл бұрын шаңырақ көтерген еді. Ортада бір ұл, бір қызы бар. Айдарқұлов пен Сейтмағамбет ажырасатындарын ресми мәлімдеді.  Алайда оған себеп болғанын ашық жария еткен жоқ. Осыдан соң сан сауалдар көпшіліктің көкейін тесті. Енді бірі мұның жай ғана хайп екенін айтуда. 

Айдарқұловтың бірінші отбасымен бірге көп жүргенін желідегі суреттерінен байқауға болады. Жақында бірге боламыз деп те жазба жариялаған еді. Екеуінің екі жаққа кетуіне Ақботаны кінәлап, жаман істер істеді деп жауап берген еді. Ал, Ақбота сезімге толы сырлы жазбалар жазды. 

"Суреттегі оның жаңа сүйіктісі шығар", "Араға біреулер түскен шығар", "Дәурен Ақботаны жақсы көрмейтін сияқты", "Ақботаның мінезі ұнамаған ғой", "Ер адам бірінші отбасына оралатыны белгілі ғой", "Ақбота Дәуреннен де жақсы жігіт табады", "Бақытты болсын, сұлу қыз ғой", - деп жазды олар. 

 

Талқылау