Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов бірінші некесінен туған балаларымен бірге жүр

Белгілі әзілкеш, актер Дәурен Айдарқұлов бірінші некесінен туған балаларымен бірге жүр. Актер балаларымен әуежайда суретке түскен. Бұған дейін де бірінші отбасынан туған балаларының суретін жариялап, көпшілікті қызықтырып қойған еді. Желі қолданушылары актер өз отбасына оралды деп топшылады. 

Актер соңғы кездері бірінші некесінен туған ұл-қыздарын желіге көптеп жариялайтын болған. Соңғы уақытта сол балаларына көп көңіл бөлгені байқалады. 

Айта кетейік, Айдарқұловтың бірінші отбасынан үш перзенті бар. Тұңғышы - Аяжан. Үлкен ұлы Абдурахим.  Екінші некесінен екі баласы бар. Көп балалы әке санатында.

Соңғы кездері екінші жары Ақботамен ажырасқанын айтқан. Екеуінің екі жаққа кетуіне Ақботаны кінәлап, жаман істер істеді деп жауап берген еді.



Желідегі оқырмандары мұның не рас, не хайп екенін түсінбей әлек. Енді бірі бірінші отбасыңа бар деп ақыл айтса, енді бірі Ақботаны жақтап шықты. 

"Ат айналып қазығын табар деген осы", "Отбасылы азаматпен кездеспеңдер, олар бәрібір өз әйелін жақсы көреді", "Ақботаға татымайсың да ғой", "Ақботаның көзін жылату үшін жариялап отырсың ба бұл суретті?", "Бірінші отбасыңмен тұратын болдың ба? Әйелің қабылдай бере ме?", "Не жүріс, не ашығын айтпайды?", - деп жазды желідегі қолданушылар.

 

Талқылау