Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Beyonce та бар": Скриптонит пен Jah Khalib Ресейдің "қара тізіміне" енді

Қазақстандық рэперлер Скриптонит пен Jah Khalib Ресейде "әндерін тыңдауға тыйым салынған әртістер" тізіміне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: Stan.kz 

Ресей билігі Украинадағы соғысқа қарсы шыққан жұлдыздардың "қара тізімін" үнемі жаңартып отырады. Бұл жолғы жаңа тізім "Верстка" басылымында жарияланды. “Қара тізімге” енген адам саны – 79. Тізімге әйгілі жұлдыздар Beyonce және Lana Del Rey де енген. Қазақстандық реперлер Скриптонит пен Jah Khalib те бар. Өйткені қос жұлдыз ТМД аумағында кең танылған. 



Айта кетейік, қос өнерпаз Украинадағы соғысты қолдамайтынын концерттерінде үнемі айтып жүретін. 

Скриптонит Алматыда өткен концертінде бір минут үнсіздік жариялап соғыста қаза болғандар мен Қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алған еді. 

Ал Jah Khalib жеке парақшасында жазба жариялап, украиналықтармен бірге екенін айтқан болатын. 

“Біз Киевтеміз. Тіріміз. Аманбыз. Паникаға берілмейміз. Ешқайда қашпаймыз. Укриналықтар, мен сіздерді жақсы көремін және сіздерге қатты таңғаламын”, – деген еді Jah Khalib. 

Еске салайық, Украинаның сыртқы істер министрлігі ел егемендігін қолдаған Қазақстанға алғыс айтқанын жазған едік

Талқылау