AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейіт орнын қазуға таласты: Бауыржан Әлиұлымен қоштасу үшін жаназасына мыңдаған адам жиналды

Белгілі ұстаз, ғалым, ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы 39-ға қараған жасында өмірден өтті. Марқұммен қоштасуға елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам жиналды. 

Уағыздарымен танылған ғалым 39 жасында бақиға аттанды. Қаралы хабарды естіген көпшілік марқұмның жаназасына асықты. Көпшілік ғалымның жақсы қасиеттерін айтып, қимай қоштасты. 

Елдің түкпір-түкпірінен келген көпшілік марқұмның бейіт орнын қазуға таласты. Ғалымды ақтық сапарға мыңдаған адам шығарып салды. 

Бауыржан Әлиұлының қазасы жайлы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті. Бас мүфти қаралы отбасыға көңіл айтып, сабырлық тіледі. 

Желідегі көпшілік марқұмның отбасына, жақындарына қайырлы болсын айтып жатыр. 

“Жәні Жәннәтта болсын”, “Қысқа өмір. Алла панасына алсын”, “Алла рақымына алсын”, “Жаны жанатта болсын ұстазымыздың”, “Иманы саламат болсын! Алла өз рамына алсын бауырымызды”, “Раббым бәрімізге осындай тақуа болуды нәсіп қыл”, “Аллам рахымыңа бөлей гөр”, “Өлім адамды жəне жасты таңдамайды”, “Қандай бақытты едің, ұстаз! АЛЛА сізді панасына алсын! Біз сізді ұстаздық міндетін толық атқарды деп куәлік етеміз! Көршіңіз ардақты да асыл адамзаттың абзалы екі дүниенің тәжі болған МҰХАММЕД (с.ғ.с) болсын! Жаныңыз жаннатта, тәніңіз рахатта болсын!” – деп жазды желідегілер. 

Бауыржан Әлиұлы 1982 жылы 12 қарашада дүниеге келген. Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды.


"Тойда билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды": Актер Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы жарияланды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр