Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Қорғанның ұлы емес: Басы дауға қалған әнші тапсырған ДНҚ қорытындысы шықты

Қазақстандық эстрада жұлдызы Бейбіт Қорған тапсырған ДНҚ қорытындысы шықты. Атыраулық келіншек Нұргүл Зиханованың ұлының әкесі Бейбіт Қорған болмай шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желіден

ДНҚ қорытындысында баланың Бейбіт Қорғанның ұлы емес екені көрсетілген. 

“Азаматтық іс қозғалып, сот отырысында соттың тарапынан баланың әкесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сот ұйғарымы бойынша осы жылдың 24 қаңтарында Бейбіт Қорған келіп, аталған ұйғарымда көрсетілген міндеттерін атқару барысында сот биологиялық үлгілерін тапсырды. 27 ақпанда сот барысында барлық қатысушының көзінше сараптама ашылып, қортындысы оқылғаннан кейін, әкелігі анықталмауына байланысты арызданушы берген арызын қайтарып алды. Сонымен қатар ол соттан шағымды қараусыз қалдыруды сұрады”, – деді адвокат Орынгүл Ұзаққалиева.



Сонымен қатар заңгер әншінің жеке басына, ар-намысына кір келтіріп, жеке өмірінің деректерін рұқсатсыз бөліскен “Астарлы ақиқат” бағдарламасы да заң алдында жауапқа тартылатынын алға тартты. 

Адвокат Бейбіт Қорғанның осы күнге дейін журналистер алдына шығып, пікір білдірмеуінің себебі де бірден сот арқылы шындықты көрсету болғанын атап өтті. 

Еске салсақ, атыраулық келіншек әншімен көңіл жарастырғанын айтып, Бейбіт Қорғаннан ұлы бар екенін алға тартқан еді.

Талқылау