Елімізде тағы бір зейнеткер тірі екенін дәлелдей алмай жүр
Алматы қаласының 66 жастағы тұрғыны Айтбай Абдуллаев соңғы бес жылдан бері өлілер санатында. Бір қызығы ер адам осы уақыт ішінде емханаға да барып, салық төлеп, тіпті зейнетақы алып жүрген.
66 жастағы Айтбай Абдуллаев соңғы бір жарым ай бойы тірі екенін дәлелдеумен әлек. Ер адам қаңтар айының соңында өзінің өлілер санатында тіркеліп тұрғанын кездейсоқ жаңалықтардан естіді. Алматыдағы автокөлікті тіркеу орталығына құжаттарын ауыстыруға барған зейнеткер өзінің 2013 жылдың 6 мамырында қайтыс болғандығы туралы хабардар болды. Бұл туралы 31 арна хабарлады.
«Дәрігердің қабылдауына келсем маған сіз бірнеше жыл бұрын қайтыс болдыңыз емес пе дейді. Бұл сөзді естіп тілім байланып қалды. Мен оларға қалайша, мен міне тірі отырмын ғой деп өз-өзіме әрең келдім. Тірі тұрып өзіңнің өлген күніңді білу сұмдық екен»,-дейді зейнеткер Айтбай Абдұллаев.
Ер адам өлілер санатына қалай кіріп кеткенін түсіне алмай жүр. Ол осы күнге дейін қалыпты өмір сүріп жүрді. Ай сайын салық төлеп, ауруханада да емделіп келген. Кейін автокөлікті тіркеу орталығына барған кезде басқа да маңызды жаңалықтардан құлақдар болды.
«26 қаңтарда ХҚКО-на барып Ішкі істер министрлігінің, прокурордың да тіркеуінен өттім. Барлық жерде тірілер қатарында тіркеліп тұрмын. Олар әуелі мені құттықтады. Ал дәрігерлерге барсам тағы сол өлілер тізімінде тіркеуде екенмін»,-дейді зейнеткер.
Зейнеткер тек денсаулық сақтау министрлігінің базасында ғана өлі деп тіркелгені анықталды. Ішкі істер және прокуратураның базасында Айтбай Абдұллаев тірілер санатында. Демек, басқа агенттіктің қызметкері жасаған қателіктен зейнеткер бес жыл бойы өлгендер қатарында тіркеуде болған.
ҚР Әділет министрлігінің жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасын басқаратын қызметкер Айтбай Жұмабайұлы Абдұллаев туралы мәліметтерді дұрыс енгізбеген. Кейін халықты тіркеу ақпараттық жүйесіндегі ер адамның қатыс болғаны туралы қате жазба ЖТМДБ алынған құжат екені анықталды.
Сонда зейнеткер Әділет министрлігінің де базасында өлілер санатында болған. Өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүрген Айтбай Абдуллаев Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасына осы мәселені тез арада шешетін болыңдар деп арызданды. Жақында бұл іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына берілді. Бірақ одан әлі ешқандай нәтиже жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер ұсталды
Алматыда мешітке келген орыс жігіті ислам дінін қабылдады (видео)
Британия азаматы: Қазақстанның архивінен өзімнің шыққан тегімді анықтадым
Бұдан былай қазақстандықтар бірнеше елге пойызбен бара алады