Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес жыл көрсетілген «Келін» телехикаясы ақыры аяқталатын болды

Қоғамда екіжақты пікір тудырған үндінің «Келін» телехикаясы жақында аяқталатын болды.

Serial Kelin_030217

«Қазақстан» ұлттық арнасы 24 ақпанда телехикаяның аяқталатынын хабарлады.

«Телекөрермендер жергілікті салт бойынша ерте тұрмысқа шыққан және бөтен отбасыға келін болып түскен кішкентай қыздың тағдырына бейжай қарай алмады. Өзінің еңбекқорлығының, төзімділігінің және үлкендерге деген құрметінің арқасында Ананди қайын жұртына тез сіңіп кетеді. Бұл қасиеттерінің арқасында қазақ көрермендерінің де көңілінен шығады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, сағыздай созылған “Келін” телехикаясы ұзақтығына қарамастан рейтингі ең жоғары кинофильмдер қатарына кірді. Алайда қоғамда оған қарсы шыққандар да аз болмады. Соның салдарынан бір кездері телехикаяның көрсетілімі аяқталған болатын. Алайда көрерменнің сұрауы бойынша, ол қайтадан өз жалғасын тапты.

Осы 5 жылдың ішінде телехикаяда басты рөлдерді сомдаған актерлердің басым бөлігі ауысып кетті. Мәселен, бір ғана Анандидің рөлін үш актриса сомдаған: Авика Гор, Пратюша Банерджи және Торад Распутра. Олардың арасындағы Пратюша Банерджи өмірден озып кетті.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда Димаштың суреттері бейнеленген заттар сатыла бастады (фото)

Әнші Тиматидың көлігі Петропавлдағы айып тұрақта 10 жылдан бері тұр

Мәдина Сәдуақасова Таиланд ханшайымының киімін киіп тағы да сынға қалды (фото, видео)

Жартылай жалаңаш трансвеститпен суретке түскен Сиви елді шошытты

Талқылау