"Он екі балаға бес порция": Маңғыстау облысында балабақша басшылығы тамақты үнемдегені үшін кешірім сұрады
Маңғыстау облысының білім басқармасы Ақтаудағы балабақшада 12 бала бар топқа небәрі бес порция тамақ берілгені түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі inAktau порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Өңірдегі білім басқармасының дерегіне сенсек, таңғы ас кезінде №7 топтың тәрбиешісі балаларға жеткілікті мөлшерде тамақ бермегені анықталды.
“Тәрбиеші бұл әрекетін бұрын балалар таңғы асты үнемі ішпегенін және тамақ қалып қоятынымен түсіндірді. Сондықтан оны кішкене порцияға бөліп салған. Тәрбиешіге қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. Балабақша басшылығы ата-аналардан кешірім сұрады”, – деді білім басқармасы.
Еске салайық, бұған дейін бүлдіршіндердің ата-аналары шағым түсіргенін жаздық. Тағы бір ана басшылық ауысқан соң мекемедегі балаларға деген көзқарас өзгеріп, баласын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр болғанын атап өтті. Ата-аналарының айтуынша, 12 бүлдіршінге таңғы асқа тек бес порция, ал кешкі асқа төрт порция тамақ берілген.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”