Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес күннен бері табылмай жатыр: Ақмола облысында 38 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті

Ақмола облысында 38 жастағы келіншек із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиия департаментінің хабарлауынша, 13 желтоқсанда Көкшетау қалалық ӨҚ кезекші бөліміне 59 жастағы облыс орталығының тұрғыны 1984 жылы туған Ершова Людмила Владимировнаның жоғалып кеткенін хабарлаған.

"Ер адам келіншектің 11 желтоқсанда үйінен шығып кеткенін және әлі күнге дейін оралмағанын айтты. Әйелді өз бетінше іздеп көрген ол екі күннен соң полиция көмегіне жүгінген", –  делінген ПД хабарламасында. 

Осы дерек бойынша Көкшетау қаласы БП жеке құрамы мен оған бекітілген күштер жұмылдырылған.

"Полицияның барлық бөлімшесіне әйелдің белгілері бар анықтамалар жіберілді, жоғалған әйелдің қайда екенін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде. Әйелдің белгілері: бойы 165-170 см, орта денелі, шашы боялған, қоңыр түсі. Үстінде: сұр трикотаж қалпақ, қара сирень түсті күрте болған. Қара шалбар, қара угги киген. Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екені туралы ақпарат білетіндер 8(7162) 29-96-00 немесе 102 телефоны арқылы хабарласуларын сұрайды", – делінген хабарламада.

Талқылау