"Бермей қоймаса": Бес баланың әкесі атанған Мадияр Серікбаев 21 мыңнан үмітті екенін айтты (видео)
Елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өсті. Бұдан былай күнкөрісі төмен көпбалалы отбасының әр перзентіне 21 мың теңгеден төленеді. Атаулы көмектен жақында бес баланың әкесі атанған Мадияр Серікбаев та үмітті екенін айтты, деп жазады Stan.kz.
Мадияр Серікбаев пен Дана Тұрарбек бүгінде үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. Жақында бесінші мәрте әке атанған актер жұбайы мен баласын перзентханадан шығарып алды. Актердің қуанышына ортақтасқан әріптесі елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтарға қатысты әзілдеді. Бес баланың әкесі атанып отырғандықтан, 21 мың теңгелік жәрдемақыға үміткер бола алатынын айтты. Оған Серікбаев:
"Аллаға шүкір, бесінші бала. Сонша тырысқанда, бермей қоймаса болды. Анау деп, мынау деп, айлығың мынадай деп", - деп күліп жауап берді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген