Берік Тұрсынбеков: Тұрсынбекті ешкім танымай тұрғанда актер ретінде мен ұсынғанмын
Көрерменге "Күлпәш" образымен танылған актер Берік Тұрсынбеков сахнаға қалай келді? Әйел образын шебер жеткізе білетін өнер ағасы өзін жек көретін көрермендер барын біледі. Алайда мұны өнер деп қабылдауға кеңес береді.
Берік Тұрсынбеков Түркістан облысы, Сайрам ауданында көп балалы отбасында өмірге келген. Отбасында сегізінші бала. Өзін ата-анасы емес, үлкен әпкелері қарайлап өсіргенін айтады.
"Ата-анам аздап қартайып қалды. Әйтпесе 10-12 ағайынжы болар едік. Мен кенже балалары бjлғандықтан ата-анамыз атын өздерің қоя салыңдаршы деп жалыққан кезде туған балалармыз ғой. Бес әпкем бар. Бесеуінің мінезі бес түрлі. Менің рөлімде солардың мінезін көрсетем. Әрқайсысының мінезін алам", - деді Тұрсынбеков.
Актердің айтуынша, ол Шаншар театрында жұмыс істеген. Кейін жеке дара өзін актер ретінде таныту үшін бөлек кетіпті.
"Менің бастапқыдағы рөлім жана роль болды. Кіріп-шығып жүретін роль болған. Бірақ ол кезде жаспыз, жалындап тұрмыз, өзімізді көрсетуге ұмтылып тұратын едім. Мен басты рөлге ұмтылдым, өзімді көрсеттім. Режиссерлердің талабын бұзып, ақыры басты рөлге жеттім", - деді актер.
Берік Тұрсынбеков бір кездері Тұрсынбек Қабатовпен бірге "Алып қашу операциясы" кино комедиясын түсірген. Сонда режиссерлерге Тұрсынбекті өзі ұсынғанын айтады.
"Ол кезде Тұрсынбек аса танылмай тұрған. Қазақстанға танылып үлгермеген, тек Ресейде шығып жүрген кезі. Мен оның рөлді алып шығатынын біліп, Тұрсынбекті ұсындым. Кейі Тұрсынбектің рөлді жақсы адып шыққанын көріп маған алғысын айтқан. Ол ең алғашқы қазақ тіліндегі комедия болатын. Көрерменнің жақсы бағасын алды", - деді Тұрсынбеков.
Актер өзінің әйел рөлін қабылдайт алмайсын айтатын көрермені барын біледі.
"Кей көрермен жазып жатады "неге әйелді сомдап жүрсің? Ер емессің бе? деп Оның өнер екенін, образ екенін білмейді. Кейде ашуланып отырғанда өзімнен кіші жігіттерді балағаттап қоятын кезім көп болады. Әйелдерді, қыздарды емес, жігіттерге балағат сөз айтат