“Bereke Bank” катарлықтарға сатылар алдында 280 миллион теңгеге жарнама жөнінде тендер жариялаған
“Бәйтерек” Ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі “Bereke Bank” катарлық компанияға сатылар кезде сыртқы жарнама орналастыру үшін 280 миллион теңгеге тендер жариялаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: mp.kz/tender сайтынан
Тендер 27 қыркүйекте жарияланған. Лотқа барлығы 4 ұсыныс түскен. Өтініш берушілер арасында тендер бағаның төмендеуі ережесі бойынша жүргізіледі.
Stan.kz тілшісі банк пен ұлттық басқарушы холдингінен тендердің мән жайын сұрап көрді. “Bereke Bank” мәліметінше, жарнама жөнінде тендер орналастыру 2024 жылға арналған бизнес жоспардың бір бөлігі.
“Жарнаманы орналастыруға жарияланған тендер де Банктің 2024 жылға арналған бизнес жоспарында бар. Банктің тұрақтылығы мен сенімділігі KPMG халықаралық аудиторлық компаниясының есебімен расталған. Банк реттеушінің барлық талаптарын сақтайды, кредиттік портфельдің сапасы үнемі тексеруден өтеді және клиенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындай алады”, – делінген банктің редакция сауалына қойған жауабында.
Ал “Бәйтерек” басқарушы холдингі сату жөнінде Lesha Bank LLC (Public) компаниясымен арадағы банкті сату жөніндегі келісімнің аяқталғанына қарамастан, "Bereke Bank" АҚ-ның операциялық қызметі, оның ішінде жарнамалық науқандар, штаттық режимде жалғасатынын мәлімдеді.
“Қазіргі уақытта банк капитал жеткіліктілігі мен өтімділік бойынша нормативтерді сақтай отырып, тұрақты өсім көрсетіп келеді. Акционердің ауысуы банктың нарықтағы позициясын нығайтып, жаңа технологияларды енгізуге және нақты секторды несиелендіруді дамытуға оң әсерін тигізеді”, – делінген холдингтің жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін "Bereke Bank" катарлықтарға толығымен сатылғаны туралы хабарлаған едік.