Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев мемлекеттік қызметке оралуы туралы қауесеттерге жауап берді

Мамыр айының соңында Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының қабылдауында болған еді. Осыдан кейін оның мемлекеттік қызметке қайта оралатыны туралы қауесет пайда болды. Осы сұрақтарға Сапарбаев өз аузымен Liter басылымының журналистеріне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты. 

"Қазір айтылып жатқан әңгіме көп. Бірақ мен мемлекет басшысымен қандай да бір лауазымдарды талқыламадым. Мен жай ғана өз пікіріммен бөлістім. Менің мемлекеттік қызмет пен басқаруда тәжірибем бар екенін білесіздер", – деп жауап берді бұрынғы әкім.



Бердібек Сапарбаев сондай-ақ мемлекеттік қызметке оралуы туралы қауесетке пікір білдірді. 

"Ешқандай ұсыныстар жоқ. Мен қазір балаларыммен бірге үйдемін. Егер менің тәжірибем, білімім Отаныма, халқыма қажет болса, онда әрине, Отаным мен халқым үшін мемлекеттік қызметте қайта істеуге дайынмын. Бірақ ешқандай облысқа барайын деп жатқан жоқпын”, – деді ол.

69 жастағы Бердібек Сапарбаев 2019 жылдан бастап Жамбыл облысының әкімі болып қызмет атқарған. 7 сәуірде Сапарбаев басшылық қызметінен кетті. Желіде оның жаңа құрылған Абай облысының әкімі болатыны туралы ақпарат таралған болатын. 

Талқылау