AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жыл бес өңірде әкім болған: Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта немен айналысатынын айтты

Бұрынғы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Экспресс К” порталына сілтеме жасап. 

Әкім 8 сәуірде Таразда жергілікті тілшілерді жинап, сұхбат берген. 

Экс-әкім экономика ғылымдарының докторы екенін айта келе алдағы уақытта жастарға дәріс оқуды қалайтынын айтты.

“Бұған дейін Еуразия ұлттық университетінің ректорымен жолыққанда қызметтен кеткенде студенттерге сабақ беремін дегенмін. Сондықтан 0,5 ставкіде университетте ұстаздық еткім келеді”, — деді Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев жамбылдықтармен қоштасу кезінде бұл өңір ерекше есте қалатынын да айтты. Тұңғыш ұлы осыдан 20 жыл бұрын Тараз өңірінде жол апатына түсіп, қаза тапқанын да еске алды. Экс-әкімнің марқұм ұлы Бауыржан Сапарбаевқа қаза тапқан жерінде белгі орнатылған.

Бердібек Сапарбаев 1995-2022 жылдар аралығында еліміздің бес облысына әкім болған. Жалпы, министрліктегі қызметтерін есептегемегенде тек әкім ретінде Сапарбаев 18 жыл қызмет атқарған. 

Айта кетсек, 7 сәуір күні Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылған болатын. Жамбыл облысының жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр