Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің туған әкесі табылды

Белгиялықтар асырап алған қазақ баласы Жәнібектің туған әкесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: qazaqstan.tv

Қазақ радиосындағы “Бармысың, бауырым” бағдарламасының жүргізушісі бельгиялық қазақ баланың биологиялық ата-анасын іздеу жұмыстарына қатысты жаңалықты бөлісті. Журналист Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібектің туған әкесі табылған. 


Бельгиялық әйел Жәнібекті асырап алу үшін делдалға 12 мың доллар төлеген


“Соңғы уақытта біз үнсіз жүргенімізге қарап ашылған қылмыстық істі тоқтатып тастады деп ойламаңыздар. Зерттеу жұмысы бір сәтке де тоқтаған жоқ. Кеше мен Арқалық қаласының полиция қызметкері Саят Исламовпен бірге Қарағанды қаласына барып келдім. Зерттеу барысында Жәнібектің әкесі болуы мүмкін деген ер адам анықталды. Өкініштісі, ол кісі өмірден өткен болып шықты. Сондықтан марқұмның жақындары мен ет жақын адамдарымен сөйлесу үшін полиция қызметкеріне еріп, өзім арнайы барған едім, бірақ туыстары сөзімізге, өтінішімізге құлақ аспады. ДНҚ тестіне қан тапсырудан бас тартты”, – дейді журналист Қымбат Досжан.

Сонымен қатар бағдарламаға Жәнібектің әкесімен бірге жұмыс істеген азамат анонимді түрде хабарласқан. Ол Жәнібектің келбеті, жүріс-тұрысы барлығы қатты ұқсайтынын айтқан. 

Ал Жәнібек "егер осы отбасының баласы болсам, олардың ақшасына не дүние-мүлкіне таласым жоқ" деп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін белгиялықтар асырап алған қазақ баласы Жәнібектің туған ата-анасын іздеп Қазақстанға келгені туралы жазған едік.  

Талқылау