Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы ата-анасын іздеп Қазақстанға келді (видео)
Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы өзінің биологиялық ата-анасын табуға көмек сұрайды. Испанияның Жәни есімді тұрғыны Қазақстанға анасы мен әкесін іздеп арнайы келіпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі сыртқы істер министрлігі жанындағы "Отандастар" қорының вице-президенті Олжас Беркінбаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: facebook.com/janibek.saveliev
Жігіт өзінің 2002 жылы Арқалық қаласында дүниеге келгенін, екі жасында бала Жәнібекті бельгиялық ерлі-зайыптылар асырап алып, Еуропаға алып кеткенін айтты.
"2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғыз басты анасы асырап алуға алып кеткен. Фламанд тілінде өскен ол, қазақша не орысша білмейді. Есесіне, ағылшын, испан, француз, неміс тілдерінде сөйлейді. Қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы оған еуропаша білім беріп өсірген. Осы күндері Астанада, өзінің туған әке-шешесін іздеп келіпті.
Туған әке-шешемнен түк керек емес, тек анамның жүзін көріп, бір рет құшақтап, жүрегімді тыншытсам дейді Жәнібек ... Әлі толқып жүрмін, ана туралы ойласам, эмоциямды басқара алмай қаламын дейді ол. 20 желтоқсан Астанадан Испанияға ұшып кететін Жәнібек, баршаңыздан көмек күтіп отыр. Қазақстан тым алыс, енді қашан келерім белгісіз, мұнда түрім қазақ, тілім өзгеше бәрі біртүрлі қарайды дейді. Мальоркада ол атбегілікпен айналысады. Жылқыны жақсы көреді екен", - деп жазды Олжас Беркінбаев.