Бельгия соты Александр Винокуровты ақтады
Бельгия соты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталған «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты ақтады. Бұл туралы Винокуровтың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Винокуров Instagram желісіндегі парақшасында Бельгия сотының өзін кінәсіз деп танығаны туралы жазды.
«Бұл мәселенің нүктесі қойылып, соттың жалғыз әділ шешімді шығарғаны үшін өте қуаныштымын. Тек алға, болашаққа қараймыз! Біз биылғы жылғы ең сәтті маусымды өткіздік. Алайда алда жұмыстар мен жоспарлар көп», - деп жазды ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Бельгия прокуратурасы қазақстандық және ресейлік бұрынғы велошабандоздар Александр Винокуров пен Александр Колобневты жарты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Спортшылар 2010 жылы өткен «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында келісіп алған деп айыпталды.
Нәтижесінде Бельгия соты істе айғақтар болмағандықтан, Винокуров пен Колобневты ақтады.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?