Алматы полициясы 28 панфиловшылар саябағындағы мемориалды қорлаған бұзақыларды іздеп жатыр
Алматыда 28 Гвариядияшыл-Панфиловшылар атындағы саябағындағы сарбаздардың аты жазылған 15 тақтайша бүлінген. Сонымен қатар саябақ орталығындағы триптихтегі бірнеше әріп жоғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Саябаққа кірер тұста бірнеше әріп жоғалып кеткен. Сонымен қатар мәрмәр тақта сынған. Бұзақылар Мәңгілік алау маңындағы орталық мемориалдағы әріптерді де бүлдірген.
Қазір полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
"Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – делінген полицейлер хабарламасында.
Ұрланған әріптер мен қираған граниттен келген шығынның жалпы сомасы 5,7 млн теңгені құрады.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар