Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі журналист Елболат Беделханның әрекетін стриптиз биіне теңеді

Бірнеше күн бұрын Есболат Беделхан дәмханада шашын тарап жұртты шошытқан болатын. Пікір жазушылар қатарында әншіге түсіністік танытқандар да, оның әрекетін құптамағандар да болды. Кейінгілердің қатарында белгілі журналист Әлия Құдайбергенова да бар.

1а

Сурет: instagram.com/aliya.kudaibergenova/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Жалпы мен ешкімге ешқашанда ары мен жанына тиетін сөз айтқым келмейді. “Əркім өзі біледі” – бұл мендегі ұстаным! Алайда, адамдарға деген құрметі жоғалған, менсінбеушілік танытқан, жан-жағымен санаспаған адам көрсем, əлсіз тұсым осы – аяп отырмаймын. Құрметті, өнер адамдары, өнерге қатысы бар, таласы бар ынсандар жəне оны таратушы журналистер! Əлеуметтік жүйе – ол сіздің жүрегіңіз, миыңыз, аяқ-қолыңыз мен санаңыздың қоймаханасы. Олай дейтінім, онсыз сіз бен біз өмір сүре алмай қалдық, өмірімізбен қабысып кетті. Демек ол жер əр адамның ішін жарқыратып сыртқа көрсетіп беретін айнасы. Сондықтан əр нəрсені саларда, жазарда, айтарда “мені санасызбен қатар саналы, сауатсызбен қатар сауатты көріп, оқып отыр.

Мұныммен елге не айтқым келеді?!” деген ішкі есептен кейін “ок” басқандарыңыз жөн ау?! Мəнсіз, мағынасыз, мазмұнсыз ыржаң-тыржаң дүниелар өзіңізге де, ісіңізге де береке əкелмейді! Мысалы, “ордалық” мына жігіт “ұзын қолаң шашын” дәмханада отырып алып олай да бұлай тарап, қасындағыларымен қосыла қарқылдап күліп, ол аздай басы мен шашын оңды-солды айналдырады келіп. (Бұл қозғалысты биші қыздардан көретінмін, стриптиз билейтін.) Мен ұялдым, қаралай! Əлде, артта қалып қойған пендемін бе?! Бұл видеода не мəн бар, сонда? Оны не үшін түсірген? Жиіркеніштен басқа түк жоқ! Білгеніңді жасау, көзге түрпідей тиер қылықты именбей осында салу – ол да ішкі мəдениеттің ақсақтығы! Өнердің ұшар биігіне шығып, көгіне өрлеп кетсең де, елдің қытығына тию – мəдениетсіздік, сені биікке көтерген халықты таптау деп санаймын! Қазақта небір талантты, білімді, генилер бар! Мен кереметпін, маған не жасасам да бола береді деу орға жығатынын ұмытпасаңыздар екен! Өнер мен өре сай болмаса “тіпə күйсін”!” – деп жазады журналист Әлия Құдайбергенова.

Журналистің сөзін желі қолданушылары да қоштай түсті. Арасында өзгенің өміріне араласпауға кеңес бергендер де бар. “Өресінің жеткен жері сол болар! Бейшаралықтан басқа түк көріп тұрған жоқпын. Қанында тектілік жоқ”, “Сауатсыздық деуге әбден болады. Рухани сауатсыз сорлылар. Жалпы өнер саласындағылардың көпшілігіне рухани сауаттылық пен мәдениеттілік жетіспейді. Ол рас. Кейде осылар халықтың назарында жүрген соң, неге өзін-өзі жетілдірмейді екен деген ойлар туады. Сөйте тұра кейбіреулері теледидардан түспейді. Не айтып тұрғандарын өздері білмейді”, “Өте дұрыс айттыңыз! Мәдениетсіз ғой осы жігіт”, “Бұл да шалбар киіп еркекпін деп жүр-ау” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Парвиз Назаров: Соңғы 10 жылда дене бітіміме назар аудармай кеттім

Сәнгер Jado: Арықтау үшін ешуақытта ота жасатпас едім

Марқұм Шалқар Үркімбаевтың қызына Сәкен Майғазиев үлкен сомада көмек берді

Диана Шарапова қызы қырқынан шықпай жатып сахнаға шығып кеткен

Талқылау