Белгілі теннисші спорттық мансабын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеді
Америкалық теннисші Серена Уильямс спорттық мансабын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол мәңгі спортта болуы мүмкін емес екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жол соңындағы жарық көріне бастады. Бұл жарыққа жақындап қалды. Соңына дейін жетуді тағатсыздана күтіп жүрмін. Бұл жарық – бостандық. Маған теннис ойнаған ұнайды. Алайда мұнымен өмір бойы шұғылдана алмаймын", – деді ол.
8 тамызда Уильямс испаниялық Нурия Парризас-Диасты жеңіп, WTA 1 000 турнирінің екінші айналымына өтті.
40 жастағы теннисші WTA турында 2021 жылдың жазынан бері өнер көрсетпеген. Ал Уимблдонда ол екінші айналымға да өте алмаған.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ

