Белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбек көз жұмды
Қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, "Жетісу" арнасының директоры Бейсен Құранбек көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы хабар туралы тележүргізуші Айгүл Мүкей Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Әріптесіміз, әрі досымыз Бейсен Құранбек өмірден озды", - деп жазды ол.
Сонымен қатар, Алматы облысының әкімдігі де бұл ақпаратты растады.
"Иа, Бейсен Құранбек өмірден өтті", - деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Қазақстандық журналистер, танымал тұлғалар, өнер иелері, сонымен қатар қырағы көрермендер Бейсен Құранбек туралы естеліктерін жазып, туған-туыстарына көңіл айтып жатыр.
Stan.kz ұжымы да танымал журналистің отбасына көңіл айтады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде танымал жүргізушінің ауыр дертке шалдыққаны туралы ақпарат тараған болатын.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге мөлшерінде болады
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"