Белгілі сазгер Арман Дүйсенов өмірден озды
Танымал әнші-сазгер Арман Дүйсенов 49 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

©instagram.com/indiraelemes
Бұл туралы әнші Индира Елемес өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Қаралы хабарды Индира Расылхан, Динара Қырықбаева, Ерболат Төлеген, сынды өнер иелері растады.
“Арман ағау.. .Неге олай ? Иманы саламат болсын, мекені жәннат болсын”, – деп жазды ол.
Арман Дүйсенов 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. Өнер иесінің артында жұбайы Айсұлу мен үш баласы қалды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан