Қыз зорлады деген күдікпен танымал тиктокер ұсталды
Кореядағы танымал контент жасаушы (TikTok-та 55,6 миллион және Instagram-да 1,5 миллионнан астам қолданушысы бар) 27 жастағы Seo Won Jeong жыныстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі kaktus.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: geniuscelebs.com
WonJeongMan немесе ox_zung атымен танылған белгілі тиктокер бірнеше ай бұрын желіде контент жасауды тоқтатқан. Оның соңғы TikTok видеосы 2023 жылдың 22 шілдесінде жарияланған. Оның желіде кенеттен көрінбей кетуіне желі қолданушылары таңданысын білдірді.
SBS News хабарлауынша, тиктокер мен оның досы әйелге жыныстық зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Хабарламада олардың Б. есімді әйелмен ішімдік ішкені, содан кейін оны басқа ер адамның үйіне апарғаны айтылады. Онда олар әйелге жыныстық зорлық жасады деген болжам бар. Б. полицияға хабарласып, өзін екі ер адамның зорлағанын айтқан.
Полиция күдіктінің үйіне барған кезде тиктокер есікті ашудан бас тартқан. Тәртіп сақшылары үйге кіру үшін өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалуға мәжбүр болған.
Тергеуден кейін Сеул Каннам аудандық полиция бөлімі істі прокуратураға жіберді. 15 желтоқсандағы жағдай бойынша Со Вон Чжон жәбірленушіге жыныстық зорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылса жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Со Вон Чжон жыныстық қатынас екі жақтың келісімімен болғанын айтады. Істің ақ-қарасы 2024 жылдың 17 қаңтарында бірінші сот процесінен соң белгілі болады. Қазіргі уақытта SOONENT (Со Вон Чжонның агенттігі) ресми мәлімдеме жасаған жоқ.