Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"19 жасымда ана, 40 жасымда ене болдым": Әнші Роза Әлқожа қуанышты жаңалығымен бөлісті

Күздің соңғы айында концерт беріп, көрерменге су жаңа әндерінен шашу шашқан Роза Әлқожа тағы бір қуанышты хабарды жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мархабат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әнші шығармашылық кешінің соңын үйлену тойына жалғастырмақ. 

“Қанша уақыттан бері концерт беріп жүрсем де, алты ай бұрын дайындалмаппын. Бір ай қалғанда жанталасып ән жаздырып, көйлек тіктіріп жатушы едім. Бұл жолы алты ай бұрын дайындықты бастадым. Атын да алдын ала ойластырып қойдым. Менің асығып жүргенім ұлымның келін әкелуіне көрінген екен. 15 қараша ұлым Бейбарыс үйленейін деп жатыр. Алғашқы қуанышымыз болғасын күн санап күтіп жүрмін. Марқұм атам: “Екі дүниең аман болсын, екі тойың қатар болсын!” деген сөзді жиі айтатын. Концерттің арты тойға ұласып жатыр”, – дейді әнші. 

Әншінің айтуынша ене болуға дайындықты әлі бастамаған көрінеді.

“Әркімнің тағдыры әртүрлі. Бейбарысты да 19 жасымда босанып, алғаш ана атандырып еді. Міне, 40-қа келгенде ене болып жатырмын. Ене болуға ешкім дайындалмайтын шығар. Дінде де ержеткен ұл мен бойжеткен қызды отау құруға асықтыру керегін айтқан. Сондықтан ұлымның талабын қолдап, батамыз бердік”, – дейді жас ене. 

Желіде әншінің өзі келін түсіруге дайындықты бастап кеткен. Қазақтың салт-дәстүрімен қоржын тігіп, жөн-жоралғысын түгендеп жатыр. 

 

Талқылау