Белгілі актер Жан Байжанбаев мемлекеттік наградамен марапатталды
Фото: https://www.instagram.com/zhan_baizhanbayev/
Белгілі қазақстандық актер Жан Байжанбаев “Парасат” орденімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты хабарды продюсер Ерлан Бұхарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өнер иесін құттықтады.
“Мемлекет тарапынан мәдениет пен өнер саласындағы елеулі еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зиялық әлеуетін дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін сүйікті әрі халық әртісі, театр және кино әртісі Жан Байжанбаевқа “Парасат” орденінің табысталуымен құттықтаймыз. Жан, сізбен мақтанамыз және шығармашылық жолда жаңа жеңістер тілейміз”, – деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін танымал виолончелист Бағжан Октябрь мемлекеттік сыйлыққа ие болғаны хабарланған еді.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”