Белгілі адвокат сотта Бишімбаевтың телефонының ашылмауына қатысты пікір білдірді
Белгілі адвокат Джохар Утебеков экс-министр Бишімбаевтың сотында сотталушының телефоны неге ашылмағанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы сот
Адвокат бұл туралы Telegram арнасында жариялаған жазбасында айтты. Адвокаттың айтуынша, егер тергеушілердің телефонды ашуға мүмкіндіктері болған.
“Маған Бишімбаевтың телефоны неге әлі ашылмағаны туралы миллиондаған сұрақ келді. Тергеу телефонды неге ашпады? Құқықтық жағынан бұл мәселеде ешқандай мәселе жоқ. Бұл үшін тергеуші тергеу судьясының санкциясын оңай ала алады.
Мен бұл мәселеге техникалық жағынан түсініктеме бере алмаймын. Сала маманының айтуынша, құпия сөзді бұзу соншалықты қиын емес көрінеді. Бірақ мен өзім қылмыстық істерде мұндайды көрген емеспін”, – делінген жазбада.
Адвокат өзінің оқырмандарынан осындай бұғатталған телефондарды ашумен айналысатын компаниялардың атауын жазуды сұрады.
“Біздің сотта күдіктіні тергеуге көмектесуге мәжбүрлеуге болмайды. Ал әлемде тәжірибе күрделірек. АҚШ-та әйгілі іс бойынша судья сотталушы алаяқ Рамона Фрикосаға (2012) бұғатталған қатты дискіінң құпия сөзін беруді бұйырды. Сонымен қатар сот американдықтар үшін қасиетті саналатын 5-ші түзетуді, яғни, өзіне қарсы айғақ бермеу құқығын жоққа шығарды. Бұл қоғамда қызу пікірталас тудырған”, – делінген адвокаттың жазбасында.
Еске салсақ, бұған дейін әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта дәлел ретінде тексеру үшін телефонының құпиясөзін айтудан бас тартқаны туралы жазған едік.