Беларусь президенті коронавируспен ауырып шыққанын айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко COVID-19 коронавирусын жұқтырғанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің мәліметінше, президент коронавирустың симптомсыз тасымалдаушысы болған.
"Ең таңқаларлығы, бүгінде сіздер коронавирусты аяқта тік тұрып жеңіп шыққан адаммен кездесіп тұрсыздар. Кеше дәрігерлер осындай қорытынды жасады. Симптомсыз", - деді Александр Лукашенко.
Лукашенко "бұл инфекцияны" халықтың 97%-ы симптомсыз өткеретінін атап өтті.
"Құдайға шүкір, мен осы симптомсыз түрін жұқтырғандар санатында болдым", - деді ол.
Ол "бұл вирусты жеңу арқылы елдің алтын қорына кіргенін" айтты.
28 шілдедегі жағдай бойынша, пандемия басталғалы бері республикада коронавирус жұқтырған 67 366 адаам тіркелді, 543 науқас қаза болды. Бұл ретте, 2 шілде күні Лукашенко ел коронавирусты жеңгенін мәлімдеді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған